ШЫМКЕНТ: «AZALA TEXTILE» комбинатының жұмысы сенаторларды таңқалдырды

0
3 366

ҚР Парламенті Сенатына Шымкент қаласынан сайланған депутаттар Н.Бекназаров пен Д. САатыбалды «AZALA TEXTILE» комбинатының жұмысымен танысты.


ШЫМКЕНТ: «AZALA TEXTILE» комбинатының жұмысы сенаторларды таңқалдырды

ҚР Парламент депутаттары еліміздегі тоқыма өнеркәсібінің көшбасшысы «AZALA TEXTILE» комбинатының жұмысымен танысты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгін Шымкент қаласына Елбасының тапсырмаларын насихаттау жұмыстарымен ҚР Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Дархан Сатыбалды «AZALA TEXTILE» комбинатына аралады.

Өндіріс орнында сенаторлар «AZALA TEXTILE» комбинатының иіру, тоқыма, бояу-әрлеу, тігін цехтарының жұмысымен танысып, комбинаттың өндіріс қуаттылығын байқады. Қазірде фабрика жылына 6800 тонна иірімжіп, 14 мың погонды метр мата, 2 230 төсек-жайма жиынтығы, 7 273 түкті тоқыма бұйымдарын шығарып отыр.

Бүгінгі таңда «AZALA TEXTILE» комбинатында 650 адамды жұмыс істейді. Өндіріс орны кешегі Елбасының "Нұр Отан" партиясының сьезiнде берген тапсырмаларын қолдай отырып, қызметкерлерінің жалақыларын 17 пайызға көтерген. Мұндағы қызметкерлердің орташа айлығы 95 980 теңгені құрап отыр.