ШЫМКЕНТ: Шағын электр станциялары салынады

0
1 792


ШЫМКЕНТ: Шағын электр станциялары салынады

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында Шымкент қаласында электр беру желілерін салу жобаларына 12 миллиардқа жуық теңге қажет екенін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нақтырақ айтқанда, Шымкент қаласында 110 кВ-тық екі шағын электр станциясын салу жоспарланып отыр.

Бұл жобалардың жалпы құны 11,7 миллиард теңгені құрайды. Қос электер бекеті салынар болса, шымшаһардың оңтүстік-батыс бөлігіндегі жаңа шағын аудандардың тұрғындарын сапалы электрмен жабдықтауға мүмкіндік береді. Яғни, 204 мың адам сапалы жарыққа қол жеткізеді. Оның ішінде 40 кәсіпорын мен мекемелер, 16 мектеп, 18 балабақша,13 денсаулық сақтау нысандары бар екенін айта кеткен жөн.