ШЫМКЕНТ: «ШамShyraq» фестивалі өз мәресіне жетті

0
363

3 номинация бойынша өнерпаздар сайысқа түсіп жеңімпаздар анықталып, ақшалай сыйлықтар табыс етілді.


ШЫМКЕНТ: «ШамShyraq» фестивалі өз мәресіне жетті

Халықаралық зағиптар күніне орай Шымкент қаласы Мәдениет және Тілдерді дамыту басқармасының және Шымкент қаласы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «ШамShyraq» қалалық фестивалі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Екі күнге ұласқан мереке жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өмірге құштар жандарды бір марқайтып тастады.

3 номинация бойынша өнерпаздар сайысқа түсіп жеңімпаздар анықталып, ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Бұдан бөлек, «Тәуелсіздікке тағзым!» зағип оқырмандармен атқарылған жұмыстар көрмесі;
—«Рухты жаңғырту, парызымыз» ҚР-ның 30 жылдығына арналып шығарылған тактильді кітаптар тұсаукесері;
— «Саусақ ұшындағы әлем» зағиптарға арналған арнайы шахмат және шашкі бойынша спорт сайысы;
—«Атадан өсиет...» көрмесіне шолу (сазды балшықтан жасалынған түрлі бұйымдар, көне музыкалық аспаптар). Этномұражай директоры Қарабдалов Кендебай Әбжаппарұлымен жүздесу;
—«Әдебиет пен өнердің шұғыласы» жергілікті ақындар-жазушылар, айтыскерлер, әншілер, композиторлармен кездесу;
—«Ізгілік мекеніндегі ашық алаң» жас тілшілер, блогерлермен сұхбат және Алматы қаласынан келген SATR.kz компаниясының зағип жандарға арналған автоматтандырылған құрылғыларымен таныстыру болды.