ШЫМКЕНТ: ​Шатырынан су сорғалаған үйге мердігер компания жөндеу жүргізетін болды

0
1 129

Құрылыс сапасына кепіл, яғни гарантиялық мерзімні өттіп кеткен. Алайда, қасиетті рамазан айында қайырымдылық жасап, тұрғындарға көмек ретінде жөндеуді толық өз мойындарына алып отыр.


ШЫМКЕНТ: ​Шатырынан су сорғалаған үйге мердігер компания жөндеу жүргізетін болды

Төбесінен жаңбыр суы сорғалаған үйді мердігер компания жөндеп беретін болды - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Назарбаев даңғылында орналасқан 47-ші көп қабатты тұрғын үйді мердігер "Ақорда" компаниясы 2015 жылы пайдалануға берген. Құрылыс сапасына кепіл, яғни гарантиялық мерзімнің аяқталған дейді компания басшысы. Дегенмен қасиетті рамазан айында қайырымдылық жасап, тұрғындарға көмек ретінде жөндеуді толық өз мойындарына алып отыр. "Шығынды кім өтейді? Жөндеуді кім істейді деп шырылдаған тұрғындарға көмектесеміз деп шештік. Бұл біздің компанияның міндеті де емес. Өйткені гарантиялық мерзім өтіп кеткен. Сауап үшін жөндеуден шатырды да, пәтерді де өткіземіз"-дейді "Ақорда" компаниясының басшысы Садулла Қалыбеков. Мердігер компания басшысы жоғарғы қабаттан су ағуына тұрғындардың өздері де кінәлі болуы мүмкін дейді. Өйткені шатырдағы су өткізгіш тесіктердің барлығы дерлік пластикалық бөтелкелермен бітеліп тасталған көрінеді. "Шатырдың кілті тұрғындардың өздерінде болады. Су өткізетін сеткілерді алып тасталып, бөтелкелермен бекітілген. Мұны біреу әдейі істемесе, абайсызда болғанға ұқсамайды"-дейді мердігер компанияның басшысы. Әкімдіктің жауапты қызметкері де дәл осындай пікірде.


Еске сала кетейік, Шымкент қаласында демалыс күні жауған нөсер салдарынан Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы 47-ші үйдің жоғарғы қабатындағы пәтерлерді су алған болатын.