ШЫМКЕНТ: ​Шпекбаев инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығына барды

0
1 067


ШЫМКЕНТ: ​Шпекбаев инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығына барды

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Шымкентке жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Күн тәртібінде алғашқы нысандардың бірі "Shymkent" ӘКК алаңында орналасқан мемлекеттік қолдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер«бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін "Бизнеске арналған Үкімет" бірыңғай орталығына барды.

Агенттік Төрағасына «Бизес супермаркет» пен «E-Commerce Center» электронды коммерция орталықтарының жұмысы таныстырылды.

Орталықты таныстыру барысында «Shymkent» ӘКК төрағасының орынбасары Л.Бобрышев «Бизнеске арналған Үкіметтің» қолжетімді 6 мамандандырылған қызмет аймағының функцияларын егжей-тегжейлі түсіндірді. Олар: мемлекеттік қызмет, өткізу; қаржыландыру, құқықтық сүйемелдеу, құзырет, сандық қызметтер аймағы.

Қызметтерді цифрландыру-сыбайлас жемқорлық көріністерінен ада ортаны қалыптастырудың негізгі көмекшісі, сондай-ақ" цифрландыру " азаматтарға үйден немесе жұмыстан шықпай қызмет алуға қолайлы жағдай жасайды.

Орталықтың жұмысымен танысқан Агенттік Төрағасы оң бағасын беріп, қолайлы инвестициялық ахуал жасау және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыру бойынша бірлесе жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді.