ШЫМКЕНТ: “Шымкай” кәсіпорны жылына 54 мың дана жиһаз шығарады

0
508

Цехты ашу үшін 750 миллион теңге инвестиция салынған.


ШЫМКЕНТ: “Шымкай” кәсіпорны жылына 54 мың дана жиһаз шығарады

Қала әкімі Мұрат Әйтенов “Тассай” индустриялды аймағында орналасқан “Шымкай” кәсіпорнына барып, жұмыс барысын көрді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жеке кәсіп иесі Шымкентте жиһаз шығарумен 2019 жылдан бері айналысып келеді. Цехты ашу үшін 750 миллион теңге инвестиция салынған. Қазір мұнда жылына 54 000 дана жиһаз жасалынады.
“ШЫМКАЙ” ЖШС-на 2019 жылы “Тассай” индустриялды аймағынан жиһаз цехын ашу үшін мемлекет 10 жылға жалға беру мерзімімен 2 гектар жер берген. Бүгінде кәсіптің тасы өрге домалап, 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Қала әкімі кәсіпорын басшысы мен ұжымға мегаполис экономикасының ілгерілеуі жолында атқарып жатқан жұмыстарына алғысын білдіріп, әкімдік тарапынан да барынша қолдау танытатынын жеткізді.