Шымкент сотының төрағасы тағайындалды

0
1 414

Қазақстан Президентінің 2018 жылы 9 қазандағы №768 қаулысында айтылған


Шымкент сотының төрағасы тағайындалды

ERNUR.KZ. Ербол Рақымбеков Шымкент сотының төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Президентінің 2018 жылы 9 қазандағы №768 қаулысында айтылған, деп жазады Tengrinews.

Шымкент қаласының сот төрағасы болып тағайындалғанға дейін, Ербол Рақымбеков ҚР Жоғарғы сотта судья қызметін атқарған. Ербол Рақымбековтің жасы 54-те.

2014-2015 жылдары қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы болды.

Осы уақыт аралығында Ербол Рақымбеков бірнеше атышулы істерді қарады: Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы болған Мұрат Оспановтың ісі; бұрынғы ауыл шаруашылық вице-министрі Мүслім Өміряевтің ісі; елордалық кәсіпкер Қайрат Жамалиев ("Әліби ісі"); өз әйелін өртеп жіберген Қанат Сәдуовтің ісі. Сонымен қатар, Ербол Рақымбеков Астанада 18 жастағы қызды өлтірген үш құрбыны ұзақ мерзімге соттады.