Шымкент: Студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірсайыс өтті

0
2 351

Шымкент қаласында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті, «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі мен Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған пікірсайысқа қаламыздың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастарынан құралған 4 топ қатысты. Атап айтсақ, «Саналыұрпақ», «Эверест», «Парасат қыздары», «Эрудит» топтары қатысты. Пікірсайыстың қорытындысы бойынша III орын «Парасат қыздары», ІІ- орынды «Саналы ұрпақ» фракциясы, І-орынды «Эверест» командасы иеленді.


Шымкент: Студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы  пікірсайыс өтті

13 наурызда Шымкент қаласындағы «Парасат» колледжінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті, «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі мен Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Жеткіншектер мен жастар ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы» атты тақырыбындағы пікірсайыс қорытындыланды - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Пікірсайысқа қаламыздың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастарынан құралған 4 топ қатысты. Атап айтсақ, «Саналыұрпақ», «Эверест», «Парасат қыздары», «Эрудит» топтары қатысты. Пікірсайыстың қорытындысы бойынша III орын «Парасат қыздары», ІІ- орынды «Саналы ұрпақ» фракциясы, І-орынды «Эверест» командасы иеленді. Сондай-ақ, «Үздік спикер» номинациясы бойынша Шер Мухаммед Халида марапатталды. Қазылар алқасының құрамында Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова, Арнайы мониторингтік топтың мүшесі Ә.Әссанди, «Парасат» колледжінің директоры М.Алтыбаева, Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Ж.Қамбар болды.
«Аталған пікірсайыс жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды жүзеге асыру мақсатында, сонымен қатар, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жарияланған «Жастар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы» апталығы аясында өтуде. Пікірсайыс түріндегі ойындар өте қызықты және пайдалы деп айтар едім. Себебі, біріншіден жастар заңды оқып, танысады. Сол арқылы ненің жаман, ненің жақсы екенін сезінетін болады. Екіншіден, сайыс қорытындысымен студенттер тарапынан ұсыныстар беріліп жатса, оны да қарыстыратын боламыз», - деді Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Ж.Әлжанова.
«Ақтық сайысқа ең мықты деген төрт команда қатысты. Олар сыбайлас жемқорлыққа байланысты өзекті мәселелерді талқылады. Бір айтарым, Шымкенттің жастар осы тұрғыдағы іс-шараларды әрқашан қолдайды, белсенділік танытады» - деп атап өтті Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Ж.Қамбар.