Шымкентте арықтар тазаланып жатыр

0
1 353

Бұл жауын-шашыннан болатын ыңғайсыздықтардың алдын алады


Шымкентте арықтар тазаланып жатыр

Шымкентте күзгі жауын-шашын кезінде арық-атыздардың толып қалмауы үшін күл-қоқыстан тазартылып, кейбір жерлерде жаңасы орнатылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының теңгеріміндегі ұзындығы 97,7 км келетін 9 өзен-канал мен орталық көше бойындағы 585 шақырымдық ирригациялық жүйе тазартылуда.
Су алу қаупі бар 38 елді мекеннің 15,5 шақырымына арнайы жаймалар (лоток) салынды.
Су басудың алдын алу мақсатында ирригация жүйелердің негізгі артериясы саналатын Жаңа Шек каналы арнасын Казбакалейторгтан Аймауытов көшесіне дейін 4,4 шақырым арық күрделі жөндеуден өткізілуде. Жөндеу жұмыстары таяу күндері аяқталмақ.