Шымкент тағы төменгі орыннан көрінді

0
1 742

Шымкент қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында атқарылған жұмыс көңіл көншітпей тұр. ҚР Ұлттық экономика министрлігі 4 негізгі өлшемшарт бойынша жасаған рейтингте де төменгі орыналасқан.


Шымкент тағы төменгі орыннан көрінді

ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, бүгінгі өткен Үкімет отырысында еліміздің өңірлерінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында атқарылған жұмыстардың рейтингісін жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, рейтинг 4 негізгі өлшемшарт бойынша жасалған. Олар:

- жасалған шарттардың саны;

-бюджеттен төлемсіз жасалатын жобалар;

-құзыреттілігі;

-инвесторлар үшін ақпараттың ашықтығы;

Қазірде рейтингтің жоғарғы жағына ШҚО, Ақмола, Қызылорда, Қостанай облыстары орналасқан. Ал, төменгі орындарда СҚО,БҚО, Атырау облысы және Шымкент қаласы тұр.

Сондай-ақ күні бүгінге дейін мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Шымкент қаласында бар-жоғы 12 келісімшарт жасалған. Тағы 2 жобаға байқау жарияланған. Енді бұл көрсеткішті жоғарыдағы кесте басында тұрған ШҚО, Павлодар, Алматы қалаларымен салыстырғанда өте төмен. Өздеріңіз көріп тұрғандай шығыстықтар қазірге дейін 145 келісім жасаса, Павлодар мен Алматы елуден астам келісім шартқа қол қойып үлгерген.

Айта кетейік, Руслан Дәленов бұған дейін 2019 жылдың 1 тоқсанында Шымкентке тартылған инвестиция көлемі төмендеп, азық-түлік бағасы қымбаттағанын және қолоданысқа берілген тұрғынүй көлемі аз екенін айтқан болатын.