ШЫМКЕНТ: Тәуелсіздік күні қанша сәби дүниеге келгені анықталды

0
1 363

Мереке күні дүниеге келгендердің басым бөлігі қыз балалар.


ШЫМКЕНТ: Тәуелсіздік күні қанша сәби дүниеге келгені анықталды

Шымкент қаласында 16 желтоқсан күні елуге жуық сәби дүие есігін ашқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтар болсақ, үшінші мегаполисте 16 желтоқсан күні дүние есігін ашқан нәрестелердің 26-сы қыз бала және 23-і ұл бала. Дәрігерлердің айтуынша мереке күні туылған балалар мен аналарының қазіргі жағдайы жақсы.

Айта кетейік, Шымкент қаласы ел демографиясының дамуына үлкен үлес қосып отыр. Мәселен, шаһарда 2019 жылдың 11 айында 25 688 нәресте дүниеге келген.