ШЫМКЕНТ: Тәжірбиелі дәрігерлердің жүктемесі азайады

0
1 211

Шымкентте тәжірбиелі дәрігерлердің жүктемесін азайту жұмыстары қолға алынып жатыр.


ШЫМКЕНТ: Тәжірбиелі дәрігерлердің жүктемесі азайады

Қазіргі таңда алғашқы медико-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарда жалпы тәжірибелік дәрігерлердің учаскелерін топтастыру жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2018 жылдың қыркүйек айында жалпы тәжірбиелік дәрігерлердің учаскелері бір дәрігерге 2084 тұрғын болса, 201 жалпы тәжірбиелік дәрігерлер учаскі, жылдың соңында бір дәрігерге 1905 тұрғын есебімен 312-кі участкі құрап 111 участкіге артты. Педиатриялық учаскелер бойынша бұрын 1000 бала жүктемесімен 188 учаске болса, бүгінгі күні бір педиатрға 838 бала жүктемесімен 194 учаске, 6 участкіге артты. Осыған байланысты Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы бүгінгі күні, бастапқы медициналық көмек көрсететін мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктерді және кішігірім жекеменшік клиникаларды жетілдіру арқылы, осы көрсеткішті бір жалпы тәжірбиелік дәрігерлердің учаскесі әрбір ақ халаттыға 1700-ге дейін төмендету бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр. Жалпы тәжірбиелік дәрігерлердің учаскелеріне қосымша – 40 жаңа участкі ашу жоспарлануда, мамандарды оқыту жүргізілуде.

Сонымен қатар, Шымкент қаласында 4 БМСК орталықтарын ашу жоспарлануда, №9, №10 қалалық емхана (2 орталық) №12 қалалық емхана медициналық ұйымдарында.