ШЫМКЕНТ: Тексеру комиссиясының төрағасы тағайындалды

0
3 756

Шымкентте жаңадан Тексеру комиссиясы құрылып, мәслихаттың алдыңғы кезекті 42 сессиясында бұл комиссияның ережесі бекітілген еді. Бүгін тексеру комиссияның төрағасы болып Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы қызметін атқарған Нәлібаев Нұржан Абдуллаұлы тағайындалды.


ШЫМКЕНТ: Тексеру комиссиясының төрағасы тағайындалды

Бүгін алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясында қала мәслихатының депутаттары бірқатар шешімдер қабылдады - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Шымкентте жаңадан Тексеру комиссиясы құрылып, мәслихаттың алдыңғы кезекті 42 сессиясында бұл комиссияның ережесі бекітілген еді. Бүгін тексеру комиссияның төрағасы болып Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы қызметін атқарған Нәлібаев Нұржан Абдуллаұлы тағайындалды.
Сонымен қатар, сессияның күн тәртібіне сәйкес Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы Экспорт жөніндегі кеңес құрылып, оның дербес құрамы бекітілді. Бұл кеңес өңірлік деңгейдегі экспортты арттыру және алға жылжыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында, қаланың экспортын дамытуға тосқауыл жасайтын жергілікті деңгейдегі кедергілерді, шектеулер мен бөгеттерді шешу мақсатында құрылды.
Экспорт жөніндегі өңірлік кеңес төрағасы болып Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, экспорт мәселелері бойынша жетекшісі қала әкімінің орынбасары Данат Жумин және кәсіпкерлік индустриалды-инновациялық даму басқарма басшысы болып Бигулиев Нүркен Рақымұлы тағайындалды. Сондай-ақ, бір топ кеңес мүшелері де бекітілді.
Бұл мәселелер алдымен мәслихаттың тұрақты комиссия отырыстарында және «Нұр Отан» партиясының фракциясында қаралған. Сессияға қала әкімі және әкімдік мүшелері, жергілікті атқарушы орган басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.