ШЫМКЕНТ: Теміржолда орын алған құқық бұзушылық фактілері анықталды

0
1 399

«Адал жол» жобасы аясында "Шымкент – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен қалалық көліктік бақылау инспекциясы мамандары және Арнайы мониторинг топ мүшелері бірнеше бағыттағы пойыздарды аралап, құқықбұзушылықтарды анықтады.


ШЫМКЕНТ: Теміржолда орын алған құқық бұзушылық фактілері анықталды

«Адал жол» жобасы аясында "Шымкент – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен қалалық көліктік бақылау инспекциясы мамандары және Арнайы мониторинг топ мүшелері пойыздарда жолаушыларды тасымалдау қағидалары бірнеше рет бұзылғандығын анықтады - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


18-19 наурыз күндері жүргізілген рейдтік шара барысында «Алматы - Саратов», «Түркістан -Алматы», «Сарыағаш – Астана», «Новосибирск – Ташкент» төрт жолаушылар пойызы тексерілді. "Новосибирск – Ташкент" қатынасындағы пойызда жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын тексеру кезінде Түлкібас-Арыс учаскесінде 4 билетсіз жолаушы анықталды. Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 623-бабының 4-бөлігі бойынша пойыз жолсерігіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 4-бөлігі бойынша Темiржол көлігімен жүктерді, жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның заңды тұлғасы "Южный" аймақтық филиалы әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
Сонымен қатар, "Түркістан - Алматы" бағытындағы №072 пойызды тексеру барысында пойыз құрамында мүгедектер арбасымен қозғалатын тұлғаларды отырғызатын және түсіретін көтергіш құрылғысы бар вагонның болмау фактісі анықталды.
Бұдан басқа, төсек-орын тыстарының қолдану мерзімдерінің өтіп кеткендігі анықталды. Аталған бұзушылықтар үшін "Жолаушылар тасымалы" АҚ заңды тұлғасы "Южный" аймақтық филиалы ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 4-бөлігіне сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады. Айта кету керек, "Шымкент – адалдық алаңы" жобасының миссиясы- мемлекет пен қоғам өмірінің түрлі салаларындағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, сондай-ақ халық үшін қолайлы жағдай жасау.
Дереккөз: ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметі