ШЫМКЕНТ: «ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылын атап өту барысы пысықталды

0
1 784

Е.Айтаханов: «2020 жылы осы іс-шаралар арқылы қазақтың ұлттық құндылықтары мен рухани байлықтарын әлемге паш етуіміз керек».


ШЫМКЕНТ: «ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылын атап өту барысы пысықталды

Шымкент әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен «Шымкент – Достастықтың 2020 жылғы мәдени астанасы» жобасы аясында жыл бойына қалада өткізілетін іс-шаралар барысы пысықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жиында ТМД елдерімен мәдени байланысты нығайтуға бағытталған аталмыш шараны жоғары деңгейде өткізу бір ғана мәдениет басқармасының міндеті емес екенін айтқан қала басшысы барлық сала жетекшілерін қазақтың ұлттық құндылықтары мен рухани байлықтарын әлемге паш ету мүмкіндігі туып отырған шараны ұйымдастыру жұмыстарына жұмыла кірісуге нақты тапсырма берді.

«Қолға алынып жатқан жобалардың басты мақсаты – республикалық маңызы зор үшінші мегаполис – Шымкентті, оның тарихи маңызы мен мәдени мұраларын әлемге таныту және қаланың жан-жақты көркейіп, көріктенуіне, өсіп-өркендеуі жолындағы тың тыныстардың ашылуына ықпал ету. 2020 жылы осы іс-шаралар арқылы қазақтың ұлттық құндылықтары мен рухани байлықтарын әлемге паш етуіміз керек. Сондықтан келер жылы ауқымы кең іс-шаралардың тиісті деңгейде өткізу үшін біз жұмыла еңбек етуіміз қажет. Ал, осынау игі жұмыстарды атқаруда ең бірінші бізге “Қайырымды қала” атауына лайық болуымыз шарт. Себебі, қайырымды болмай қайырлы істерді жүзеге асыру мүмкін емес. Шымкент - баршаға үлгі болуы тиіс», - деді Ерлан Қуанышұлы.

Айта кетейік, 2020 жылдың сәуір айынан бастап Шымкент қаласында «Шымкент-ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылу рәсімі мен ТМД елдері өнер шеберлерінің мерекелік концерті, «Жібек жолы» ұлттық салт-дәстүр мен заманауи қолөнер көрмесі, «Шымкент - қызғалдақтар қаласы» ТМД және басқа елдерінің суретшілер және фотосуретшілер байқауы, драма театрлары, анимациялық фильмдер, опера жұлдыздарының фестивалі, Халықаралық ақындар айтысы және алғаш рет «Душа Евразии» I халықаралық эстрада әндерін орындаушылардың фестивалі, ақын-жазушылардың кездесулері мен тағы басқа 40-тан астам іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

Сонымен қатар, қараша айында Халықаралық «Содружество дебютов» жүлдесін тапсыру және «Шымкент – Достастықтың мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылуы өтеді деп жоспарлануда.