«Shymkent Tourism Center» орталығы іске қосылады

0
2 534

Орталық туристерге тәулік бойы Call-орталық арқылы қызмет көрсетуді жоспарлап отыр.


«Shymkent Tourism Center» орталығы іске қосылады

Қаламыздағы туризм саласының дамуына тікелей жұмыс жасайтын, туристерді тартып, қаламыздың иммиджі үшін түрлі шаралар ұйымдастыратын «Shymkent Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы» жуырда ресми түрде келушілерін қабылдайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлімдеді.


– Орталықтың негізгі мақсаты – өңірде ішкі туризмді дамытып, туристік өнімдерді ілгерілету, қаланың тұрғындары мен қонақтарына ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету. Жалпы орталық жыл басынан бері, яғни 1 жарым айдың ішінде ақпараттық киоскілер арқылы 128 адамға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетті. Оның ішінде Үндістан, Ресей, Өзбекстан сынды елдерден келген туристер бар, - деді М.Исахов.

Орталық туристерге тәулік бойы Call-орталық арқылы қызмет көрсетуді жоспарлап отыр.