ШЫМКЕНТ: Т.Рысқұлов көшесі жақында ашылады

0
792

Нысан құрылысына жауапты мердігер - «Bazis Construction» ЖШС.


ШЫМКЕНТ: Т.Рысқұлов көшесі жақында ашылады

Шымкент қаласы Т.Рысқұлов атындағы көше жақында көлік қозғалысына ашылмақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы бойынша көлік қозғалысын ұйымдастыру ағымдағы жылдың қараша айының соңына аяқтау жоспарланған.
Бұл бойынша қала әкімі атқарылып жатқан жұмыстардың барысын пысықтады.
Нысан құрылысына жауапты мердігер - «Bazis Construction» ЖШС. Жолайрықтың Т.Рысқұлов көшесі бойынша ұзындығы - 684,7 метр, ені - 45 метр.
Рысқұлов көшесінде ескі асфальт жолы толық алынып, жол негізі әзірленіп, асфальт төселінген.
Жоспар бойынша Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейінгі аралық жолдың енін кеңейтіп, жол жамылғысын жаңарту жұмыстары қарастырылған.
Жолайрық құрылысындағы жаяу жүргіншілер жолдары мен абаттандыру жұмыстары толығымен 2022 жылдың наурызына жоспарланған.