"Шымкент Цирк" Күлкі күнінде балаларға қуаныш сыйлады - ФОТО

0
2 879

Бұл туралы аталған мекеменің басшысы Арман Алиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.​


Бүгін 1 сәуір - Күлкі күнінде "Шымкент Цирк" ауруханада жатқан сәбилерге шынайы күлкі сыйлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы аталған мекеменің басшысы Арман Алиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.


"Бір сәби қуанса қырық періште қуанады. Көңілі жабырқау бір жанға күлкі сыйлау бақыт деп санаған, Шымкент цирк мекемесінің артистері, күлкі күнінде балалар ауруханасына арнайы барып, емдеріне шипа тілеп күлкі сыйлап қайтты. Алла ауыртпасын ағайын, дерттеріне шипа берсін!", - деп жазып, езулеріне күлкі үйірілген балалар мен оларға қуаныш сыйлаған "Шымкент Цирктің" әртістерінің фотосуреттерін салды.