Шымкент Циркте тегін шеберлік сағаттары өткізіліп жатыр

0
519

Қатысушылар шеберлік сағатында сальто, акробатика, джигитовка, фокус, заманауи бидің әдіс-қимылдарын үйрене алады.


Шымкент Циркте тегін шеберлік сағаттары өткізіліп жатыр

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Шымкент-Цирк» мекемесінің 10 жылдығына орай цирк әртістері бүлдіршіндерге тегін шеберлік сағаттарын өткізіп жүр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қатысушылар шеберлік сағатында сальто, акробатика, джигитовка, фокус, заманауи бидің әдіс-қимылдарын үйрене алады. Онда әртістер әр бүлдіршінмен жеке-жеке жұмыс істеп, бір сағат бойына шеберлігімен бөліседі.

Сәрсенбіде цирк әртісі Азизбек Иристаев «5 минутта сальто» сабағын өтті. Жасөспірімдер сальто тастаудың қыр-сырын меңгеріп, жеңіл жаттығу жасаудың әдіс-тәсілдерін үйренді. Сондай-ақ, бейсенбіде Құрманғазы Ізтілеуов сиқыр әлемінің сырымен бөліссе, бүгін У.Медешов акробатикадан дәріс бермек. Осы сынды шеберлік сағаттары арнайы кестеге сай, жиі өтіп тұрады. Шеберлік сағатының жанры мен мерзімін Шымкент-Цирктің әлеуметтік желідегі парақшаларынан білуге болады.
Одан өзге, цирк ішінде «Circus Star» үйірмесі жұмыс істейді. Үйірмеге цирк өнерін кеңінен меңгеріп, манежде өнер көрсеткісі келетін 7-15 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Айта кетейік, жақында жаңа қойылым көрермендерге жол тартады.
Айта кетейік, 12-24 қазан аралығында «Шымкент-Цирк» «ON Цирк» жаңа бағдарламасын ұсынады. Бұл жолы Қырғызстан Республикасы мен Нұр-Сұлтан қаласы циркінің өнерпаздары таңдаулы қойылымдарын тарту етпек.