ШЫМКЕНТ: Тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында іс-шара өтті

0
1 802

Қазір әлемдегі өлім-жітімнің 60 пайызы осы дұрыс тамақтанбаудың әсерінен орын алып жатыр екен.


ШЫМКЕНТ: Тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында іс-шара өтті

«Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының ұйымдастыруымен халықты дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жөнінде ақпараттандыруға бағытталған іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласындағы «Арбат» демалыс аймағында өткен іс-шараға Қазақ тағамтану академиясының қызметкерлері, дәрігерлер және қала тұрғындары қатысып, эндокринолог, диетолог секілді білікті мамандар халыққа тегін кеңестерін айтты.

Аталған іс шара жайлы Қазақ тағамтану академиясының жетекші маманы Майгүл Сейдуллақызы мәлімдеме жасап:

«Қазір әлемдегі өлім-жітімнің 60 пайызы осы дұрыс тамақтанбаудың әсерінен орын алып жатыр және түрлі ауруларға шалдықтырады. Ол аурулардың қатарына жүрек қантамырлары аурулары: инфаркт, инсульт, қан қысымының жоғарылауы, ишемия; дұрыс тамақтанбаудан туындайтын семіздік; темір, йод тапшылығы және т.б. жатады. Сондықтан, бүгінгі халық денсаулығын нығайту үшін дұрыс тамақтанудың ережелерін үйрету мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада мамандар тегін кеңестер беріп жатыр», - деді.

Сондай-ақ, акцияға қатысқан Кәмшат есімді қала тұрғыны: «Бүгінгі іс-шарадан өзіме, отбасыма қажетті көптеген пайдалы ақпараттар алдым. Осындай акциялар жиі ұйымдастырылып тұрса, халықтың да денсаулығы жақсара түсер еді», - дейді.