ШЫМКЕНТ: Тұрғындар көп шоғырланатын жерлерде тегін wi-fi нүктелері орнатылады

0
1 030

Желі осы жылдың шілде айының аяғына дейін орнатылатын болады.


ШЫМКЕНТ: Тұрғындар көп шоғырланатын жерлерде  тегін wi-fi нүктелері орнатылады

Шымкент қаласында 30 тұрғын алапқа оптикалық желі тарту жұмыстары атқарылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы цифрландыру басқармасы тарапынан 2021 жылдың 1 тоқсанында бірқатар жұмыстар жүзеге асты. Басқарма басшысы Әсет Әбдіраханов атқарылған жұмыстарды баяндады.
Басқарма басшысының айтуынша, «Цифлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаланы сапалы интернетпен қамту 3 кезеңге бөлінген. 1 кезеңдегі жұмыстар толық аяқталды. 2 - кезеңде 14 елдімекен қарастырылып, координаталары мобильді байланыс операторларымен келісілді. Атап айтқанда, Тассай және Ынтымақ-2 (Тұрлан) шағынауданында жер қазу және бетон құю жұмыстары атқарылса, А 2 айналма жолы, Аэропорт маңы, Солтүстік-Батыс, Қайнарбұлақ (саяжай алабы), Р-32 трассасы (Сиқым), Құрсай шағынаудандарда жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары басталды.
Бұдан бөлек, 3-кезең үшін талшықты-оптикалық желі тарту мақсатында қала аумағындағы 30 тұрғын алап анықталып, оларға оптикалық желі тарту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстардың барлығы жеке инвесторлар есебінен атқарылатын болады. «Самғау-Телком» компаниясы тарапынан Тассай, Таскен тұрғын алаптарындағы 2 көшеге (200 үйге) кабел жүргізіліп, тұрғындардан қосымша өтінімдер қабылдануда.
Сонымен қоса, ағымдағы жылдың шілде айының аяғына дейін тұрғындар көп шоғырланатын жерлерде 30 тегін wi-fi нүктелері орнатылатын болады.