Шымкент: Тұрғындарға мемлекеттік қызмет қалай көрсетіліп жатыр?

0
1 162

Үшінші мегаполисте мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру жүріп жатыр.


Шымкент: Тұрғындарға мемлекеттік қызмет қалай көрсетіліп жатыр?

Шымкентте бір жылда 6,5 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының әкімдігінен тұрғындарға 191 мемлекеттік қызмет ұсынылады. Оның 94-ін электронды нысанда, ал 69-ын Мемлекеттік корпорация арқылы алу мүмкіндігі бар. Өткен жылы тұрғындарға 6,5 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 4,9 миллионы электронды түрде атқарылған.

Бұл туралы ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Юсупова: «Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру бойынша ведомоствоаралық комиссия отырыстары өткізіледі. Нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін 191 мемлекеттік қызметтің 152-ін автоматтандыру және оңтайландыру жоспарлануда. Осы мақсатта орталық мемлекеттік органдармен 144 Жол карталары әзірленіп, келісім жасалады. Сонымен бірге, халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру жұмыстары жүріп жатыр», - деп мәлімдеді.

дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі