Шымкент тұрғындары өңірдегі бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылай алады

0
587

Қазіргі уақытта Картада Шымкент қаласы бойынша 389 ұйым орналастырылды


Шымкент тұрғындары өңірдегі бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылай алады

Шымкент қаласының тұрғындары өңірдегі бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылай алады, деп хабарлайжы ERNUR.KZ.

Бұл туралы «ANTIKOR.LIVE»жобасы аясындағы тікелей эфир барысында Сыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бірінш іорынбасары Талға рСерікбаев айтты.

Онлайн шарада "Ашық бюджеттердің интерактивті картасының жұмысы мен оның қолдану барысы таныстырылып, аталған карта халық үшін қолжетімді және түсінікті бюджет шығындары туралы маңызды мәліметтерді және қоғамдық бақылаудың тиімді тетігі екендігі айтылды.

Т.Серікбаевтың айтуынша, тұрғындар бюджетті бақылап қана қоймай, қаражатты бөлу бойынша ұсыныстар да енгізуге мүмкіндіктері бар.

Қазіргі уақытта Картада Шымкент қаласы бойынша 389 ұйым орналастырылды, 282 млрд.теңгеден астам сомаға 600-ден астам бюджет жарияланды.

«Бюджеттердің ашықтығы бүгінде өте өзекті және тек мемлекеттік органдардың ғана емес, жалпы азаматтық қоғамныңназарын талап етеді.Осы ретте әр азаматтың белсендігі өте маңызды» - дейді спикер.

Сондай-ақ, ол жергілікті бюджеттердің ашықтығына жүргізілген зерттеулердің көрсеткіштеріне тоқталды.

«Мысалы, білім саласында қандай да бір өтініш немесе шағым болса азаматтар интерактивті карта сайтына кіріп (www.publicbudget.kz),картадан нысанды тауып, тиісті пікір қалдыра алады. Барлық хабарламалар шара қабылдайтын қызметкерлер тарапынан қадағаланады», – дейді Жани Қамбар.

Айта кетейік, «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» (www.publicbudget.kz) әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым бюджетін пайдалану тиімділігін бағалау мақсатында енгізілген.

Бөлісу