Шымкент тұрғындарына «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» кеңес береді

0
3 866

Бұл жерде сіз мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары туралы толық ақпарат алып, тұрғын үй жинақтары туралы келісім шарт жасай аласыз.


Шымкент тұрғындарына «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» кеңес береді

фото: Ашық дереккөз

ERNUR.KZ. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Шымкент тұрғындарына кеңес береді.

Шымкент тұрғындарының назарына!

Мемлекеттік «7-20-25», «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында Шымкент қаласынан пəтер алғыңыз келсе, 2018 жылдың 23 шілдесінен бастап Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінен кеңес алуға болады. Банк қызметкерлері Шымкент қаласы әкімдігінің халықтық кеңсесі ғимаратында халыққа түсіндіру жұмыстарын бастайды.

Бұл жерде сіз мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары туралы толық ақпарат алып, тұрғын үй жинақтары туралы келісім шарт жасай аласыз.

Сондай-ақ, Шымкент қаласында осы бағдарламалар аясында салынып жатқан құрылыс нысандары туралы ақпарат алуға мүмкіндік бар.

Анықтама тел: +7 701 605 36 39, +7 705 486 96 08.

Мекенжайы: Шымкент қаласы, Рысқұлов даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысы, фронт-офис. «Наурыз» аялдамасы.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.