Шымкент тұрғыны мемлекетке 1 миллиард теңге көлемінде залал келтіргені үшін сотталды

0
493

Ол кәсіпкерлерге жалған шот-фактуралар жазып берген.


Шымкент тұрғыны мемлекетке 1 миллиард теңге көлемінде залал келтіргені үшін сотталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент тұрғыны мемлекетке 1 миллиард теңге көлемінде залал келтіргені үшін сотталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қылмыстық қолма-қол ақшаны алу үшін пайдаланылатын бір күндік фирмалардың негізгі белгілері - бұл қызметінің қысқа мерзімі және бизнес ауқымының жасалған жалған мәмілелер сомасына сәйкес келмеуі.
Сонымен қатар, мұндай фирмаларда басшыдан басқа жұмысшылар жоқ, негізгі қаражаты мен шығындары, сондай-ақ, көлік және өндірістік активтер жоқ.
Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті салық төлеуден жалтару мақсатында жосықсыз кәсіпкерлерге жалған шот-фактуралар жазып берген азамат А.Махатаевтың заңсыз әрекетінің жолын кесті.
Тергеу мәліметтері бойынша, А.Махатаев 2017-2020 жылдар аралығында өзінің туыстары мен таныстарының атына «Мейір құрылыс», «Тыныштық 2018», «Элит Капитель», «МАГМА-2018», «Ашимов и Ко», «A L A T A U K», «S-Industry», «БЕС ҚАСҚА», «ЖОРҒА 2019», «ИНТЕРТРАНССЕРВИС-2020», «Eхcellent», «УГАМ 2018», «005», «Эверест К» ЖШС 14 кәсіпорынды тіркеген.
Аталған кәсіпорындар контрагенттерге төлемдерді төлеуден жалтаруға жәрдемдесу үшін және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатынсыз құрылған.
Бұл фирмалардың кеңселері, қызметкерлер штаты, өндірістік-техникалық базасы және қоймалық үй-жайлары болмаған.
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 1 млрд. теңгеден астам мөлшерде залал келтірілді.
А.Махатаев 4 жылға бас бостандығынан және 10 жылға кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Келтірілген залал сомасы мемлекет кірісіне айналдырылды.