ШЫМКЕНТ: Түрік эносының Қазақстанда тұрып жатқанына жетпіс бес жыл толды

0
1 891

Қазақ жеріне ешбір дүние-мүліксіз көшіп келген түрік халқының жан сақтауы қазақ халқының бауырмалдығының арқасында ғана мүмкін болды.


ШЫМКЕНТ: Түрік эносының Қазақстанда тұрып жатқанына жетпіс бес жыл толды

Бүгін Шымкент қаласы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында түрік эносының Қазақстанда тұрып жатқанына жетпіс бес жыл толуына орай мерекелік іс шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл мерекелік жиынға Шымкен қаласы әкімінің орынбасары Бұхарбай Парманов, Қазақстандағы Түркияның Бас консулы Али Рыза Акынжы мен ешілік өкілдері, зиялы қауым, ассамблея мүшелері мен жастар қатысты.



Сондай-ақ, аталған мереке түрік этностарының ұлттық тағамдары мен шығармашылығы және ұлттық аспаптарына арналған көрмеден басталып, құттықтау сөзіне, сонымен қатар елдің бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды Шымкент қаласы әкімінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы алғыс хаттарымен марапаттауға жалғасты. Одан бөлек, түрлі ұл өкілдерінің биі биленіп, әні шырқалды.

Айта кетейік Шымкенттегі түрік этномәдени бірлестігі 1999 жылы құрылып, жұмыс істеп келеді. Ал, Қазақстандағы түрік этносы өкілдерінің дені Грузияның оңтүстік-батыс аудандарынан Сталиндік саясаттың озбырлығынан жер аударылып келгендер. Туған жерінен бір-ақ түнде күштеп көшірілген 550 мыңдай түріктің жолдағы кесапаттардан аман қалғандары ешбір дүние-мүліксіз келіп, осындай жағдайға жетуі Қазақ халқының бауырмалдылығының арқасы.