ШЫМКЕНТ: Тыл ардагерлеріне көз жанарын тегін тексеру акциясы ұйымдастырылды

0
645

Тексеру кезінде қарттардың көз жанарлары бірнеше этаптан тұратын арнайы құрылғымен қаралды.


ШЫМКЕНТ: Тыл ардагерлеріне көз жанарын тегін тексеру акциясы ұйымдастырылды

Бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімдігі және «Astana Vision Shymkent» клиникасының ұйымдастыруымен ауданның 15 тыл ардагеріне көз жанарын тегін тексеру акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Медициналық тексеру кезінде қарттардың көз жанарлары бірнеше этаптан тұратын арнайы құрылғымен қаралды. «Astana Vision Shymkent» директоры Алтынбек Медеттің айтуынша клиникада тыл ардагерлері үнемі тегін тексеріледі.
«Біздің бүгінгі күнде бейбіт, тәуелсіз елде алаңсыз жұмыс атқарып жүргеніміз осы кісілердің арқасы. Тексеруден өтіп жатқан 15 тыл ардагерінің көзінде ақаулар болып, ота қажет болған жағдайда тегін ота жасап береміз. 9 мамыр-Жеңіс күнімен клиникамыздың атынан құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Егемен еліміздің тыныштығы жолындағы қызметтеріңізді ешқашан ұмытпаймыз»,- деді Алтынбек Айдарбекұлы.
Кездесу соңында 15 тыл ардагерлері мен олардың отбасы мүшелеріне «Astana Vision Shymkent» клиникасында көз жанарын тексеруге 25 пайыз жеңілдік карточкалары сыйға берілді.