ШЫМКЕНТ: ҰБТ тапсыратын түлектерге төрт мүмкіндік беріледі

0
1 931

Ақылы тестілеудің біріншісі қаңтар айында өтті.


ШЫМКЕНТ: ҰБТ тапсыратын түлектерге төрт мүмкіндік беріледі

Фото: Ернар Мамыр

Шымкент қаласында ҰБТ тапсыратын түлектерге төрт мүмкіндік беріліп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева 2020-2021 оқу жылының IV тоқсанында оқу процесін ұйымдастыру, оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау және ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша жан-жақты баяндады.
Басқарма басшысының айтуынша, жоғарғы сынып оқушыларын аттестаттау 9-сыныптарда 28 мамыр – 7 маусым, ал 11-сыныптарда 1–10 маусым аралығында барлық санитарлық талапты сақтай отырып ұйымдастырылады. Одан бөлек, 1-сыныпқа балаларды қабылдау 11 қадамнан тұратын нұсқама арқылы жүргізіледі. Құжаттар электронды форматта «Электрондық үкіметтің» веб порталы арқылы 1 сәуірден 1 тамызға дейін қабылданады.
Баспасөз мәжілісінде Жанат Арысбекқызы биыл өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеудің ерекшелігіне тоқталды.
Бұл жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша талапкерлерге 4 мүмкіндік беріліп отыр. Ақылы тестілеудің біріншісі қаңтар айында өтті. Ал екіншісі 10 наурыз бен 10 сәуір аралығында өтіп жатыр. Осы орайда үміткер ақысыз грантқа түсу мүмкіндігі бойынша сәуірдің 11-і мен маусымның 30-ы аралығында 2 рет өз бағын сынай алады. Ол үшін оқушы тест тапсыратын орынды, күнді және уақытты өз қалауы бойынша таңдайды, – деді басқарма басшысы.
Ескертетін жайт, білім беру ұйымдарында сабақ оқыту барысында барлық санитарлық талап сақталады.