ШЫМКЕНТ: «Үйде бірге оқимыз!» жобасына 600-ден астам жастар қатысуда

0
1 171

Жастар арасында оқу мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға 600-ге жуық оқырман белсенділік танытып отыр.


ШЫМКЕНТ: «Үйде бірге оқимыз!» жобасына 600-ден астам жастар қатысуда

«Үйде бірге оқимыз!». Дәл осы атаумен Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының Instagram парақшасында челлендж бастау алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жастар арасында оқу мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға 600-ге жуық оқырман белсенділік танытып отыр. Карантин кезеңінде бос уақыттарын тиімді өткізіп жатқан қатысушылардың дені студенттер мен оқушылар. Төтенше жағдайға байланысты кітапханалардың жабық болуына қарамастан қатысушылар, оқулықтардың электронды нұсқаларында тауып қызығушылық білдіруде. Оқырмандардың басым бөлігінің таңдауы әдеби кітаптарға түскен. Сондай-ақ, конкурсқа қатысушылардың арасында шетелдік және ағылшын,орыс тіліндегі кітаптарды оқып жатқандар да бар. Айта кетейік бас жүлде иегеріне - Phone Pro 11 сыйға берілсе, белсенді қатысушыларды өзге де тосын сыйларкүтуде. Жеңімпаздар 30 сәуір күні тікелей эфирде сағат 17:00-де анықталмақ.