ШЫМКЕНТ: Ұлыстың Ұлы күніне орай "Ақ бүрку" дәстүрі жаңғырды

0
2 324

Шымкент көшелерімен "Наурыз-керуені" жүріп өтті.


ШЫМКЕНТ: Ұлыстың Ұлы күніне орай

Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі қарсаңында қазақтың көне салт-дәстүрі "Ақ бүрку" дәстүрі Шымкентте жаңғырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгін Шымкент қаласындағы «Наурыз алаңынан» бастау алған «Наурыз керуені» көше бойы келе жатып қазақтың салт-дәстүрін жаңғыртып, әндетіп, мерекелік көңіл-күймен "Дендросаябағына" келді.

Онда "Наурыз керуені" көшімен келген апа-әжелер қазақтың көне дәстүрі "Ақ бүрку" салтымен бастады.

Салт-дәстүр бойынша жастар көшеттер егіп, қарт әжелер ағарғанмен жеміс ағаштарын, сондай-ақ қазақтың жас келіндеріне де дәстүрдің жөн-жоралғымен бүрку салтын өткізді. Шарада жастар ән айтып, қазақтың салт-дәстүрін одан ары жандандыра түсті.

Қазақтың көне салт-дәстүрін жаңғыртқан "Наурыз керуені" Қазақстан халқы Ассамблеясына жаяулата жол тартты.


Дендросаябағынан шыққан керуен жол-жөнекей Шымкент қаласы тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында халық әндері мен күйлерінен шашу шашып, бауырсақтар таратты.

Қазақстан халқы Ассамблеясына келген керуен "Армысың, Әз-Наурыз!" мерекелік іс-шарасымен өз жалғасын тапты. Шара аясында келген қонақтарға ақ жаулықты аналардың шашуымен, ақындардың арнауымен қазақтың салт-дәстүрімен құрмет көрсетіліп мерекелік кешпен ұласты. Сонымен қатар, келген конақтарға арнап 200 орынды дастархан жайылып, Ұлыс күніне арнап пісірілген Наурыз көже таратылды.