Шымкент: Ұмра қажылығына жолдама берілді

0
1 128

«Халифа Омар» мешітінде «Ұмраға жолдама» атты игі шара өтті


Шымкент: Ұмра қажылығына жолдама берілді

Шымкент қаласының «Халифа Омар» мешітінде «Ұмраға жолдама» атты игі шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оған Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев және «Тауаф» қажылық компаниясының Шымкент қаласындағы өкілі Азамат Әбікерімұлы қатысты.

Шара аясында жергілікті ақпараттық насихат тобының (ЖАНТ) мүшесі, «Халифа Омар» мешітінің бас имамы Данабек Жұмабеков пен «Айбай ата» мешітінің тұрақты жамағаты әрі мешіт жанындағы Ақылдастар алқасының мүшесі Жұмаханқожа Мұхамедсәлім Сұнақ атамызға Ұмра қажылығына жолдама сертификаты табысталды.

Айта кетейік, жыл басынан бері «Тауаф» қажылық компаниясының Шымкент қалалық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ұмраға жолдама» шарасы аясында 10 адамға Ұмра қажылығы сертификаты нәсіп болды.