ШЫМКЕНТ: Үш жақты меморандум алғашқы күннен оң нәтиже берді

0
719

Аталмыш шара 1 ай көлемінде ұйымдастырылады.


ШЫМКЕНТ: Үш жақты меморандум алғашқы күннен оң нәтиже берді

Жеке тұлғалардың берешектері мен салықтық төлемдерін өндіру бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті, қалалық мемлекеттік кірістер және Өңірлік жеке сот орындаушылары палатасы арасында ынтықмақтастық меморандумы түзілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 128 бабына сәйкес көлік салығына берешектері бар жеке тұлғаларға салықтық бұйрықтарын шығарып, өңірлік сот орындаушылары палатасына жолдайды.
2020 жылдың 09 қазанынан бастап үш мекемеден құрылған жұмысшы топ қала аумағындағы 4 ауданға бөлініп, салық төлеуден жалтарып жүрген азаматтар бойынша рейдтік іс-шара жүргізді.
Шараның алғашқы күні жалпы 117 жеке тұлғаның автокөліктері тоқтатылып, тексерілді. Оның ішінде 7 автокөлік салықтық берешектерін сол мезетте төледі. Ал 2 жүргізушінің көлігі арнайы айыптұраққа жеткізілді.
Жалпы іс-шара барысында 1 млн 300 мың теңге көлемінде жеке тұлғалардың салығы мемлекет бюджетіне өндірілді. Аталмыш шара 1 ай көлемінде ұйымдастырылады.