Шымкент вакцина салдыру көрсеткіші бойынша елімізде 2-орында тұр

0
749

43 вакцина егетін бекетте 1 компонент – 157 116 адамға, 2 компонент – 62 377 адамға егілді.


Шымкент вакцина салдыру көрсеткіші бойынша елімізде 2-орында тұр

Шымкент қаласы вакциналандыру бойынша Алматыдан соң 2 - орында, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте 1 қаңтар-14 мамыр аралықта COVID-19 ауруының 5 100 жағдайы тіркелді (3 184 симптомды, 1 916 симптомсыз). Емделіп шыққандар саны – 3 779, қайтыс болғандар - 40. 2021 жылдың 1 қаңтардан 14 мамырға дейін COVID-19 белгілерімен пневмонияның 394 жағдайы тіркелді. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 125 жағдай тіркелді. Бүгінгі күні қалада 1 406 төсек - орын бар. Толымдылығы - 50 пайыз. Бір тәулікте 2650 азаматтан ПТР сынамасы алынған. Алдағы уақытта шаһарда ПТР орталығын ашу көзделіп отыр.
Бұл жөнінде қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов баспасөз брифингінде баяндады.
- Шымкент вакциналандыру бойынша Алматыдан соң 2 - орында. 43 вакцина егетін бекетте 1 компонент – 157 116 адамға, 2 компонент – 62 377 адамға егілді. Медицина қызметкерлері - 14 836, мұғалімдер - 23 761, құқық қорғау қызметкерлері - 9 569, студенттер – 5246, өзге де саладағы 94 249 тұрғын вакцина салдырды. Сонымен бірге түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 7 сәуірден бастап созылмалы ауруы барлар вакциналана бастады, саны – 7672. Шымкентте вакцина жеткілікті: Спутник, Qazcovid, HayatVax – үш түрі де бар. Соңғы бір апта көлемінде Qazcovid-тің 4 мың, 50 мың спутник, HayatVax-тың 24 000 дозасы жеткізілді, - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов.
Сондай-ақ, қаладағы эпидахуал әлі де тұрақсыз, реанимацияда жатқандардың басым бөлігі жастар екенін жеткізді. Карантиндік шектеулерді қасақана бұзушылар бойынша емханалардың шұғыл хабарламалары негізінде мониторингтік топтар 292 рейд жүргізген. Оның ішінде 195 нысанға айыппұл салынды.
Инфекциялық стационарлардағы барлық ауыр науқастардың созылмалы аурулары бар екенін, олардың барлығының вакцинациялануы қажет екенін түсіндірді. Себебі олар қайтыс болған науқастардың 96,8% құраған.