ШЫМКЕНТ: Заң бұзған білім басқармасының қызметкерін тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсынылды

0
1 168

Осы тұрғыдағы кездесулер барлық сала өкілдерімен ұйымдастыралатын болады.


ШЫМКЕНТ: Заң бұзған білім басқармасының қызметкерін тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсынылды

Шымкентте білім беру саласында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері бойынша жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, бұл жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшының бірінші орынбасары Т.Серікбаев пен қызметкерлері, қалалық білім басқармасы басшысының м.а. А.Текебаева және 10 колледж бен 100-ден астам мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері қатысып, кездесу барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев білім беру ұйымдарының басшыларына жемқорлықты төмендету мақсатында нақты шаралар қабылдауды ұсынды.

«Бүгінгі таңда Қазақстан мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің кепілі болып табылатын сапалы білім беруге ұмтылуда. Барлық дамыған елдер адам капиталының жоғары деңгейі есебінен ғана өркендеуге қол жеткізді. Мұнда басты рөл жоғары білімді ұлт қалыптастыруға бағытталған бірқатар міндеттер орындалатын білім беру жүйесіне жүктелген», - деп атап өтті Талғар Әбдінәбиұлы өз сөзінде.

Сонымен қатар, іс-шара барысында К.Қабылбеков ҚР ҚПК 200-бабына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсыну шеңберінде, өз қызметін жеке бас пайдасына қолданып, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптары мен міндеттерін орындамауға жол берген қалалық білім басқармасының қызметкерін тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсынды.

Сондай-ақ, Камал Қожахметұлы білім басқармасы басшылығының назарын саладағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша іс-әрекеттерді қатаң бақылауға алып, түсіндірме жұмыстарды тұрақты түрде жүргізудің маңыздылығына аударды.

Айта кетейік, осы тұрғыдағы кездесулер барлық сала өкілдерімен ұйымдастыралатын болады.