Шымкент: Жалған долларлар қолданған азамат бір жылға бас бостандығынан айырылды

0
689

Азық-түлік дүкендерінің бірінде қала тұрғыны 2 200 теңгеге сауда жасап, 100 АҚШ долларын төмен бағада қабылдауды сұраған.


Шымкент: Жалған долларлар қолданған азамат бір жылға бас бостандығынан айырылды

Шымкент қаласының тұрғыны жалған долларлармен азық-түлік сатып алған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, азық-түлік дүкендерінің бірінде қала тұрғыны 2 200 теңгеге сауда жасап, 100 АҚШ долларын төмен бағада қабылдауды сұраған.

- Дүкен сатушысы банкнотаны 35 000 теңге ретінде қабылдап, 32 800 теңге қалған ақшасын қайтарған. Ақша айырбастау пунктіне барған кезде 100 АҚШ долларының жалған ақша екендігі анықталған, - делінген хабарламада.

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкіміне сәйкес, қала тұрғыны ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабы бойынша (жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды