Шымкент жастар лигасына 6 мың оқушы қатысты

0
408

Өткен жылы 140 мектеп қатысты.


Шымкент жастар лигасына 6 мың оқушы қатысты

Шымкентте биыл бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Шымкент жастар лигасы» екінші рет ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өткен жылы 140 мектеп қатысқан болса, биылғы жылы спорттың 4 түрінен 151 мектептен 6 мыңға жуық оқушы қатысты.

Спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Металлург» стадионын реконструкциялау, №12 спорт мектебі ғимаратына қосымша құрылыс және Бозарық шағын ауданында ауыр атлетика спорт кешені, «Медициналық колледжі» спорт залының құрылысы жүргізілуде.

Сонымен бірге, жеке инвесторлар есебінен «Ипподром» және «Үстел теннисі орталығының» құрылысы жүріп жатыр.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 2021 жылдың II- жарты жылдығынан бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда. 2022 жылы жан басына шаққанда қаржыландыру жобасының мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыруға жергілікті бюджеттен 2 323,0 миллион теңге қаржы бағытталып, спорттық секцияға 4-пен 18 жас аралығындағы балалардың жалпы санының 16%-ын қамту жоспарланған болатын. Бүгінгі күні мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру платформасына 130 кәсіпкерден өтінім түсіп, оның ішінде 85 кәсіпкер біліктілік іріктеуден өтті. Қазіргі таңға дейін, мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша ата-аналардан 17 спорт түрі бойынша жалпы саны 22 536 өтінім түсіп, 17 234 баланың ата-аналарымен келісім-шарт жасалды. Балалар аталған бағдарлама негізінде баскетбол, бокс, еркін күрес, грек-рим, дзюдо, каратэ, таеквондо, жүзу, үстел теннисі, футбол, шахмат, көркем гимнастика, волейбол, пауэрлифтинг, қазақ күресі, футзал, тенниске қатыса алады. 2022 жылдың қаңтар айында – 109 миллион теңге, ақпан айында – 179 миллион теңге, наурыз айында – 208 миллион теңге игерілді. Осы жоба аясында 264 жаттықтырушы және 150-ге жуық басқада қызметкерлер жұмыспен қамтылды. Жалпы саны 414 адам. Мемлекеттік спорттық тапсырыс арқылы 2023 жылы 18 000 баланы (20%), 2024 жылы 20 000 баланы (22 %) спорттық секциямен қамтамасыз ету жоспарлануда.