ШЫМКЕНТ: «Жастар ресурстық орталығына» басшы тағайындалды

0
2 647

Бүгінге дейін «Jol entertainment» ЖШС директоры қызметін атқарған.


ШЫМКЕНТ: «Жастар ресурстық орталығына» басшы тағайындалды

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жаңа басшысы болып Молдабеков Бауыржан Қамбарбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бауыржан Қамбарбекұлы 1990 жылы 10 қаңтарда Шымкент қаласында туған.

Еңбек жолы

  • 2012 жылы Шымкент қалалық Шымкент жастары орталығының әкімшілік және шаруашылық бөлімінің басшысы;
  • 2013 жылы Шымкент қалалық «Шымкент жастары» КММ жұмыспен қамту және мониторинг бөлімінің басшысы;
  • 2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар орталығы» КММ жастарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру бөлімінің басшысы;
  • 2018 жылы «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы;
  • 2018 жылы Шымкент қаласының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы қызметін атқарған.