​Шымкент: Жастарға арналған денсаулық орталығының таныстырылымы өтті

0
677

Мұнда 10-19 жас аралығындағы жастарға толықтай тегін қызмет көрсетілетін болды.


​Шымкент: Жастарға арналған денсаулық орталығының таныстырылымы өтті

Шымкент қаласындажаңадан ашылған жастар денсаулық орталығының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

№13 қалалық емхана базасында орналасқан орталықта гинеколог, уролог, психолог, әлеуметтік қызметкер сынды мамандар жұмыс істейді. Бұл туралыденсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Бүгін аталған емхананыңмамандары қала жастары мен БАҚ өкілдерінеорталықтың жұмысымен таныстырды.

Мұнда 10-19 жас аралығындағы жастарға толықтай тегін қызмет көрсетілетін болды.

Мамандар орталыққа келушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларға кешенді медициналық, психологиялық, әлеуметтік жағынан көмек көрсетеді. Оның ішінде, отбасын жоспарлау, маскүнемдік пен нашақорлықтың, АИТВ инфекциясының, стресті және құлазу жағдайларының, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары жүргізіледіжәне құқықтық кеңестер беріледі. Сонымен бірге,бастапқы медициналық-санитарлық көмек, диагностикалық-кеңес медициналық көмегі де көрсетіледі.

- Жастар арасында олардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру біздің басты мақсатымыз болып табылады, біз оны жастар денсаулық орталығына енгізіп, насихаттап жатырмыз. Жас ұрпақтардың жыныстық қатынас мәселесіне білімді әрі қауіпсіз тәсілмен қарауы жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың қаупін азайтады. Бұл да орталықтың басты міндеттерінің бірі. |Жастар денсаулық ортылығы жастар арасында танымал болып келеді және біз жұмыстың тиімділігін көріп отырмыз, – дейді №13 қалалық емхананың бас дәрігері Молдыбаева Әлия .