ШЫМКЕНТ: Жастарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

0
837

Түсіндірме жұмыстарының мақсаты – жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бағдарламалары мен тұрғын үй жөнінде ақпараттармен таныстыру.


ШЫМКЕНТ: Жастарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Мобильді топ» мемлекеттік бағдарламалар бойынша «Акбар» базарында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түсіндірме жұмыстарының мақсаты – жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бағдарламалары мен тұрғын үй жөнінде ақпараттармен таныстыру.
Түсіндірме жұмыстары барысында мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны», тұрғын үй, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ақпараттар беріліп, анықтамалық парақшалар таратылды.
Айта кетейік, өткен жылы Шымкент қаласында «Жастар практикасымен» 1500-ден астам жас жұмысқа жолданды. Шымкентте «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарында көрсетілген шаралардың оң динамикасы байқалады. Аталған жоспарда жұмысшы жастар ел дамуының негізі ретінде қарастырылып, осы санаттағыларды жұмыспен қамту шараларына басымдық берліген. Бұл бағытта «Жастар практикасы» бағдарламасының рөлі ерекше. Мәселен, Шымкентте 2022 жылдың басынан 1500-ден астам жас мамандықтары бойынша «Жастар практикасымен жұмысқа жолданған. Ал, 2021 жылы аталған бағдарламаға 2500 жас қатысса, олардың 1000-нан астамы тұрақты жұмысқа орналасқан. Жалпы, «Жастар практикасы» уақытша жұмыс орны болып саналады. Бағдарламаға 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2020, 2021, 2022 жылдары) жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады. Бүгінгі таңда бағдарлама жалақысы 30 АЕК көтеріліп 91 890 теңге құрап отыр. Қатысу мерзімі 12 айға дейін ұзартылған.

Жалпы, Шымкент қаласы республикалық көрсеткіштер бойынша азаматтарды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру бағытында алдыңғы қатарында.