Шымкент жастары қала тазалығын қамдап жүрген қызметшілерге сыйлық таратты

0
1 494

Таңмен таласа көше тазалаушыларға қуаныш сыйлаған жастар тұрғындарды жақсылық жасауға шақырды.


Шымкент жастары қала тазалығын қамдап жүрген қызметшілерге сыйлық таратты

Бүгін үшінші мегаполис жастары көше тазалаушы қызметкерлерді мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» мен Жастар маслихаты депутаттары және белсенді жастар қала тазалығына атсалысып жүрген еңбек адамдарына келе жатқан мерекеге орай ыстық шәй мен сыйлықтар таратты.


«Аязды күнге қарамастан қала қонақтары мен тұрғындарының, қала берді көліктердің қозғалысына қолайлық тудыру үшін ала таңнан жұмысқа кірісетін бұл аға-әпкелерімізге қанша алғыс айтсақ да жарасады», - дейі жастар.

Сондай-ақ, көп жерде еленбей қалатын қызметшілерге аз да болсын қуаныш сыйлаған белсенді топ «Қайырымды қала» тұрғындарын мейірімді болуға, жақсылық жасауға шақырды.