ШЫМКЕНТ: Желіде медициналық бетперде туралы жалған аудиожазба таралды

0
948

Желіде бір реттік медициналық бетперделер арқылы әдейі ауру таратып жатқандықтары туралы аудио жазба тараған.


ШЫМКЕНТ: Желіде медициналық бетперде туралы жалған аудиожазба таралды

Шымкент қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті әлеуметтік желідегі бір реттік медициналық бетперделерге қатысты аудио жазбаны зерделеп, фейк екенін жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ..

Қазақстан Республикасында медициналық бұйымдарды (бір реттік медициналық бетперделер) тек сапаның сәйкестік сертификаттары болған кезде ғана өткізуге жол берілетіндігін ескертеді.
Шымкент қаласының дәріханалық ұйымдарында дәрілік заттармен қамтамасыз ету, босату және шекті бөлшек сауда бағаларын сақтау және бір реттік медициналық бетперделер сапасының сәйкестік сертификаттарының болуы бойынша мониторинг жүргізілуде. Мониторинг жүргізу барысында медициналық бірреттік бетперделерді сапа сәйкестік сертификатынсыз іске асыру фактілері бүгінгі күнге анықталмады.
Сонымен қатар, «Даму» ОҚО фармацевтикалық және медициналық ұйымдар қауымдастығынан, құзырлы мекемелерден қала тұрғындарынан медициналық бір реттік бетперделерден COVID-19 инфекциясының анықталғаны туралы өтініштер тіркелмеген.
Осы аталған мекемелерге аудио жазбаны өз тараптарынан іс-шаралар жүргізу үшін жолданғанын хабарлайды.