ШЫМКЕНТ: Жоғалып кеткен шымкенттік Мәскеу ауруханасынан табылды

0
1 098

Үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, жоғалғандар тізімінде жүрген елу жастағы шымкенттік азаматты Шымкент полицейлері Ресейдің Мәскеу қаласындағы ауруханаларының бірінен тапты.


ШЫМКЕНТ: Жоғалып кеткен шымкенттік Мәскеу ауруханасынан табылды

Иллюстрациялық фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден

Шымкентте із түзсіз жоғалған 16 адам және бір мәйіт табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, жоғалғандар тізімінде жүрген елу жастағы шымкенттік азаматты Шымкент полицейлері Ресейдің Мәскеу қаласындағы ауруханаларының бірінен тапты. Жақындарынан көз жазып қалған туыстарымен табыстырды. Бұған полицейлер "Іздестіру» («Розыск») жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде қол жеткізген. Жалпы іздеуде жүрген 40 адам анықталды. Оның 23-і қылмыстарға қатысы бар күдіктілер.

Сондай-ақ, «іздестіру» операциясы барысында Ресей Федерациясында қылмыс жасаған деп күдіктелген Қазақстан Республикасының азаматы анықталып, қолға түсті. Қазіргі таңда Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі қолға алыныпты. Ол Ресей Федерациясы Томск қаласында 2018 жылдан бері іздеуде жүрген. Шымкенттен табылған ол есірткі заттарын өткізіп, тасымалдағаны үшін айыпталған. "13-ші наурызда Шымкент қаласында Криминалдық полиция қызметкерлерімен ұсталды. Қазір ол қамауға алынды оны Ресейге экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
Адамдарды пайдалану үшін заңсыз сатумен айналысқан Өзбекстан Республикасының азаматы да осы «Іздестіру» іс-шарасы барысында анықталып, ұсталды. Қазіргі таңда ол қамауда, жақын күндері Өзбекстан Республикасына экстрадицияланады"-деп хабарлайды Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.