ШЫМКЕНТ: Жол потрульдік полициясына пара бермек болған азамат құрықталды

0
1 807

Шымкентте жол жүру ережесін бұзған көлік жүргізушісі полицейлерге 20 мың теңге көлемінде пара бермек болған жерінде ұсталды.


ШЫМКЕНТ: Жол потрульдік полициясына пара бермек болған азамат құрықталды

Шымкент полицейлері пара бермекші болған азаматты ұстап, енді құрықталғанның үстінен қылмыстық іс қозғалды - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2019 жылғы 1 наурызда жол жүру ережесін бұзған көлік жүргізушісі Шымкент қаласы ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің взвод командирі полиция капитаны Қайрат Алимханов пен полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Марат Қасымбековке 20 мың теңге көлемінде пара бермек болған жайт анықталды.
"Шымкент қаласы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҚР ҚК-нің 367-бабының 1 бөлігіне сәйкес «Пара беру» жайты бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

«Егер, Сіз полиция қызметкерінің пара алу немесе оған пара беру жайтының куәгері болсаңыз, Шымкент қаласы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының сенім телефонына 21-43-23 хабарласыңыз",-деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.