ШЫМКЕНТ: Жүргізуші байқаусызда өз автобусының астына түсіп қалды

0
1 636

Ауруханаға жеткізілгенде, науқастың жағдайы аса ауыр болған.


ШЫМКЕНТ: Жүргізуші байқаусызда өз автобусының астына түсіп қалды

Таяуда ғана 1981 ж.т. Шымкент қаласының азаматы жарақат алған соң жарты сағаттан кейін №1қалалық клиникалық ауруханаға «жедел жәрдем» арқылы жеткізілген болатын, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ол үйінде өз автобусына жөндеу жұмыстарын жасап жатқанда, ауыр жарақат алған. Яғни, бөлшектерін шешкенде, көлікті дұрыс қоймағандықтан, қозғалып кеткен. Нәтижесінде өз көлігі өз иесін басқан.

Ауруханаға жеткізілгенде, науқастың жағдайы аса ауыр болатын. Оның басы, кеудесі және іш құрсағына жалғасқан жарақаты болды. Сондай-ақ көкірек клеткаларының жабық жарақаты, оң жақтағы 6-7 қабырғаларының жабық түрде сынуы, бас сүйек-миының ашық жарақаты, бас миының соққысы, бас және бет сүйегінің сынуы, отоликворея орын алды.

Кезекші хирургтер бригадасы науқасты шұғыл түрде толық тексеруден өткізді. Компьютерлік томография іш құрсағындағы ішкі ағзалардың бүлінгендігін анықтады. 8х8 см. асқазанның үлкен жыртығы және іштен қан кетіп жатқаны мәлім болды.

Хирургиялық операция кезінде сынған және жыртылған ағзалардың бәрі ретке келтіріліп, ішкі органдарға тексеру жүргізілді. Сосын науқас реанимация және қарқынды терапия бөліміне жіберілді. Клиникалық бақылау барысында байқалғандай, жағдайы бір қалыпты деңгейге түсті.

Қазір науқас №2 хирургия бөліміне ауыстырылып, сол жақта тиісті ем қабылдауда. Жағдайы бір қалыпты.