ШЫМКЕНТ: Журналистер мен медицина мамандары марапатталды

0
758

Елорда күніне орай бірқатар маман иелері Президенттің наградаларымен марапатталды.


ШЫМКЕНТ: Журналистер мен медицина мамандары марапатталды

Елорда күніне орай Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар денсаулық сақтау саласы мамандарын Президенттің наградаларын табыстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиында әлемде орын алып отырған дертпен күресте қаламыздың алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері марапатталды.
Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы өз сөзінде: «Бұл марапат осынау қиын кезеңде сіздермен бірге аянбай еңбек етіп жатқан ұжымдарыңыздың да жетістігі деп білемін. Журналистер халықтың үні, көзі, құлағы болса, әрине адам жанының арашасы ақ халатты абзал жандар. ел үшін сындарлы шақта үй бетін көрмей, отбасы, бала-шағасынан жырақ жүріп науқастарды қауіпті дерттен емдеп, жанына шипа сыйлап жүрген медицина қызметкерлеріне баршамыз Алғыс айтамыз», - деп құттықтауын білдірді.