ШЫМКЕНТ: Жыл соңына дейін мың шақырымға жуық жол жөнделеді

0
1 158

Шымкент қаласында жергілікті бюджеттен жол жөндеу жұмыстарына 5 миллиард 300 миллион теңге қаржы бөлінген.


ШЫМКЕНТ: Жыл соңына дейін мың шақырымға жуық жол жөнделеді

Шымкентте жыл соңына дейін 717 шақырым жол жөндеуден өтіп, пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы әлеуметтік саясаттың жаңа бағыттарының Шымкентте жүзеге асырылуы бойынша қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова, журналистермен кездесу барысында мәлімдеді.

"Жергілікті бюджеттен 5 миллиард 300 миллион теңге қаржы бөлініп, 185 шақырым жол мен 4 көпір құрылысы басталып жұмыс жасаймыз деп отырмыз. 80 шақырым топырақ жолға тас төсеу көзделіп отыр. Жыл соңына дейін 717 шақырым жолды пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз",-деді Гүлжан Мамытқызы.