ШЫМКЕНТ: Жылу маусымындағы өрт қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстары күшейді

0
844

Төтеншеліктер тұрғындарға «Камень» пешін дұрыс пайдалану керек екенін ескертеді.


ШЫМКЕНТ: Жылу маусымындағы өрт қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстары күшейді

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жылу маусымындағы іс-шараларды күшейтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жұмыстар аясында қысқа дайындықты күн суытпай жатып бастаған төтенше жағдайлар департаментінің мамандары үй-үйді аралап түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Әсіресе, тұрмыстық жағдайы төмен отбасылар мен көпбалалы жанұялар және жалғыз басты қариялар тұратын тұрғын үйлерді аралап, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігін түсіндірді. Сонымен қатар, газбен уланудың алдын алу және тұрғын үйлердегі жылыту пештерін дұрыс пайдалану, жылыту құрылғыларының құрылыс нормалары мен ережелерінің сәйкестігіне назар аудару жайында да нықтап тапсырды.

Айта кетейік, төтеншеліктер тұрғындарға «Камень» пешін дұрыс пайдалану керек екенін ескертеді. Себебі, соңғы кездері уланудың басым бөлігі осы пештен болып жатыр екен. екенін ескертті мамандар.