Шымкент зообағына Каспий қосымшасы арқылы билет сатып алуға болады

0
2 401

Зообаққа кіру бағасы 6-17 жасқа дейін 300 тг, 17 жастан жоғарыларға 600 тг.


Шымкент зообағына Каспий қосымшасы  арқылы билет сатып алуға болады

Бүгіннен бастап Шымкент зообағына Каспий қосымшасы арқылы билет сатып алуға болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ол үшін Каспий қомымшасына кіріп, ойын-сауық бөліміне өтесіз, одан кейін саябақтар мен ашық алаңдар бөлімін таңдайсыз.
Зообаққа кіру бағасы:
6-17 жасқа дейін 300 теңге, 17 жастан жоғарыларға 600 теңге.
6 жасқа дейінгі балалар мен ардагерлерге және І-ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тегін.

Шымкент хайуанаттар бағы – еліміздегі ең алғашқы зоологиялық парктерінің бірі. Ол 1980 жылы ашылды. Онда түрі 200-ден асатын 2000-нан астам жануар бар. Мұндағы жануарлардың 40 түрі Қызыл кітапқа енген. Балықтың 70 түрінен,1000-нан астам балық мекендейтін аквариум орналасқан.


Зообақ демалыссыз 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.