Шымкенте салынып жатқан жолдарға тексеру жүргізілді

0
1 027

Мегаполис жолдары қатаң бақылауда.


Шымкенте салынып жатқан жолдарға тексеру жүргізілді

Шымкентте салынып жатқан «Қорғас-Алматы-Шымкент» автомобиль жолының сапасына және Бадам өзені арқылы өтетін көпірге мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында қалада мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен салынып жатқан «Қорғас-Алматы-Шымкент» автомобиль жолының сапасына және Бадам өзені арқылы өтетін көпірге мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізілді.

Аталған рейд барысында арнайы қатысқан Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Тұрханов және Орталық басшысы М.Дүйсебековпен сала мамандары мен БАҚ өкілдері жол сапасымен танысты. Тиісінше, бақылау жұмыстары барысында жол құрылысының талаптары тексеріліп,арнайы аппаратпен оның құрамы мен стандарты сараланды және жолдың ені де назардан тыс қалмады.

Атап айтсақ, бүгінгі таңда жоба аясында 10-ға жуық рейдтік шара ұйымдастырылып, 62 бұзушылықтар анықталған, оның 32-і қалпына келтірілген. Шымкенттік жолдардың сапасына бақылау жүргізу жұмыстары бұдан кейін де жалғасын табатын болады.

Айта кетейік, рейдтік шара ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК қалалық филиалымен бірлесе ұйымдастырылған.