Шымкентке келген сенаторлар жылдам интернетті талап етті

0
638

Қазіргі таңда байланыс операторы интернет сапасын арттыру мақсатында WI-MAX оптикалық желісін қосу жұмыстарын атқаруда.


Шымкентке келген сенаторлар жылдам интернетті талап етті

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласы Көкбұлақ кенті тұрғындарының сапасыз байланыс пен интернеттің жоқтығына қатысты шағымдарын тыңдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенаторлар жергілікті билік пен байланыс операторына жүгініп, мәселені тез арада шешуді сұрады. Белгілі болғандай, ауданда қажетті құрылғы орнатылған, тек сигнал қажет болып тұр. Әкімдік мәселенің жуық арада шешілетінін айтты. Себебі жаңа оқу жылы басталғалы тұр және Көкбұлақ мектебінде білім алатын 452 оқушының қашықтан оқуы үшін интернеттің қолжетімді болуы шарт.

Бұған дейін мектеп екі 4G-модем құрылғысымен жұмыс жасап келген, бірақ мұғалімдердің айтуы бойынша олардың жылдамдығы төмен. Қазіргі таңда байланыс операторы интернет сапасын арттыру мақсатында WI-MAX оптикалық желісін қосу жұмыстарын атқаруда. Cенат депутаттары аталған жұмыстардың орындалуын бақылауда ұстайтындарын айтты.